СІМ Аппаратының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Амангелді Ғазезұлы Саинов СІМ Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
1975 жылы 6 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.
1997 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
1997-2002 жылдары «Астана-Аудит» Орталық аудиторлық компаниядағы аудитордың көмекшісі, бас бухгалтер, директордың орынбасары;
2002 жылы Қазақстан Республикасы СІМ Валюта-қаржы департаментінің жетекші маманы;
2002-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы елшілігінің аға бухгалтері;
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Бюджеттік жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы, басшысы;
2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары;
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің кеңесшісі;
2021 жылғы ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы СІМ Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры;
2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы.