СІМ аппаратының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ерлан Ұзанұлы Ысқақов СІМ Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.Ерлан Ұзанұлы Ысқақов 1971 жылы 8 қазанда Алматы қаласында туған.
I сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
Ағылшын тілін меңгерген.
Үйленген, екі баласы бар.
1994-1998 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы;
1998-2001 жж. - Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы, Нью-Йорктегі және Гаванадағы консул;
2002-2002 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті хатшылығының жетекшісі;
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ерлан Ұзанұлы Ысқақов СІМ Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
2003-2006 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің, Еуропа және Америка департаментінің, Инвестициялар комитетінің басқарма бастығы және Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің кеңесшісі;
2007-2008 жж. - ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы, төрағасының орынбасары;
2008-2014 жж. - «METRO Cash&Carry» ЖШС Бас директорының орынбасары, Алматы қ.;
2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары;
2019-2021 гг. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы;
2021 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы