СІМ АҚШ Елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломатиялық миссияның аяқталуына орай АҚШ Елшісі Уильям Мозерді қабылдады. 

М.Тілеуберді қазақстандық-америкалық ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалап, америкалық дипломаттың екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Өз кезегінде, АҚШ Елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясы барысында үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, еліміздегі жұмысы ол үшін үлкен жауапкершілік пен құрмет болғанын білдірді. 

Тараптар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын белгіледі. 

Қазіргі уақытта АҚШ Қазақстан экономикасының екінші ірі инвесторы болып табылады. Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 562 компания табысты жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы