Silk Way Star жобасының финалы Қытай орталық телеарнасында көрсетілді
CCTV-15 телеарнасы Астанада өткен Silk Way Star гранд-финалын көрсетіп, қытайлық көрермендер ақтық сында сахнаға шыққан әншілердің өнерін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Silk Way Star – Азиядағы алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Шоу ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиа корпорациясы арасындағы Silk Way Star халықаралық жобасын құру туралы келісім аясында жүзеге асырылды.
Байқаудың барлық 10 шығарылымы Jibek Joly және Silk Way телеарналарынан көрсетілді.
Финал алты тілде тікелей эфирде көрсетіліп, жобаның жалпы аудиториясы 1 млрд адамнан асты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу басталды
Келесі жаңалық
Боран және тұман: 2 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы