Сібірдегі өрт қасақана ұйымдастырылған – Ресей Бас прокуратурасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Бас прокуратурасы Сібір өңіріндегі орман өртінің шығу себебін жариялады. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.
Ведомство мәліметі бойынша, тергеу нәтижесінде өрттің қасақана ұйымдастырылғаны анықталды. Осылайша қаскөйлер ағаштың заңсыз кесілгенін жасырмақ болған.
Сонымен қатар, Иркутскідегі шенеуніктердің өрт ошақтары туралы берген мәлімдемелері дәл болмағанын айтады. Орман өрті бойынша жасалған статистика да жалған болып шықты.
Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігін Сібірдегі өрттің түтіні басқаны туралы, сондай-ақ Ресей халқы Сібірде төтенше жағдай жариялауды талап етіп, 700 мың ресейлік азамат Сібірде төтенше жағдай жариялау туралы петицияға қол қойғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы