Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары туралы фото-деректер Қытайдағы көрмеге қойылды

Бейжіңде «Жаңа дәуірге қадам» көрмесі өтіп жатыр. Бүгін Қытай халықаралық баспасөз орталығының көрмесіне қатысып жатқан журналистер көрмені аралады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жаңа дәуірге қадам» көрмесі Бейжіңдегі көрме орталығында өтіп жатыр. Орталық 1954 жылы құрылған.

Музей 200 000 шаршы метр аумақты алып жатыр.

Көрме Қытайдың жаңа дәуірдегі жетістіктеріне арналған. Оның жұмысы 27 қыркүйек күні ашылған болатын.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) 20-шы съезі қарсаңында Бейжің көрме орталығында партия жетістіктерін дәріптейтін «Жаңа дәуірге қадам» атты көрмені ашылуында тамашалады.

ҚКП-ның 20-шы Бүкілқытайлық съезіне дайындық жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарының маңызды бөлігі.

Музейде Қытайдың барлық саладағы жетістіктері ұсынылған. Ол экономикадан бастап денсаулық, цифровизацияға дейін.

Қытайда 22 провинция болса, сол провинциялардың қалай дамып жатқаны, қандай бағытта жетістіктері бары дәл осы көрмеде көрініс тапқан.

Сонымен қатар халықаралық қарым-қатынас нәтижелеріне қатысты да мәліметтер ұсынылған.

Көрменің бір бөлігінен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің ШЫҰ елдерімен өткізген кездесулері мен онлайн форумдарынан фотосуреттерді көруге болады.

Одан бөлек, Қытайдың шетелдік әріптестерінің сыйлықтары да осы көрмеде.

Сонымен қатар көрмеде Қытай басшысы Си Цзиньпиннің пандемиядан кейінгі алғашқы сапарының да фотосуреттері ілулі тұр.

Си Цзиньпин биылдың қыркүйек айының 14-і күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Осы сапардан еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді жылы күтіп алғаны туралы сурет қойылған.

Қазақстан да "Жаңа Қазақстан" құру жолында реформалар жасап, референдум өткізді. Қазақстанның бұл бастамасын Си төраға жоғары бағалады.

Еске сала кетейік, 16 қазанда Қытай коммунистік партиясының ХХ съезі өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы