Си Цзиньпин Қытайдың Вьетнаммен әріптестікті нығайтуға дайын екенін мәлімдеді
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Вьетнаммен стратегиялық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін растады. Бұл туралы ол Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытай басшысының сөзінше, Бейжің партиялық және мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасуды тереңдетуге, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды қолдауға және екі ел арасындағы стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын.
Си Цзиньпин сондай-ақ Қытай мен Вьетнамның мемлекеттік құрылымдары мен аймақтық билік органдары ынтымақтастықты барынша нәтижелі ету үшін белсенді жұмыс жүргізуі қажет екенін атап өтті.
Айтуынша, жаһандық тұрақсыздық пен ауқымды өзгерістер жағдайында екі елге де өздерінің саяси жүйелеріне және таңдаған даму үлгілеріне сенімді болу маңызды.
Еске салайық, бұған дейін Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Әзербайжанның ШЫҰ-ға кіруін қолдайтыныны туралы мәлімдеген жасаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тамақтан улану: Санитарлық қызмет қалай әрекет етеді?
Өзгелердің жаңалығы