Си Цзиньпин ҚКП жаңа орталық басшылығын таныстырды

ҚХР Саяси бюросының тұрақты комитетінің жаңа мүшелерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кеше Қытай Компартиясының ХХ съезінің соңғы отырысы өтті. 

Құрылтайдың жабылуында Бейжің Халық жиналысы үйінде жаңа шақырылған ҚКП Орталық Комитетінің, сондай-ақ тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы сайланды. ҚКП Орталық Комитетінің жаңа құрамының 205 мүшесінің қатарына Қытайда тұратын ұйғыр, қазақ, моңғол этникалық топтарының, чжуан және туцзя сияқты басқа да ұлттардың өкілдері кірді. 

ХХ шақырылған ҚКП құрамына Мемлекеттік Кеңестің Премьер-министрі Ли Кэцян және оның бірінші орынбасары Хань Чжэн, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу, Бүкілқытайлық халық саяси консультативтік кеңесі комитетінің төрағасы Ван Ян кірген жоқ. 

Саяси Бюроның тұрақты комитетінің жеті мүшесінің үшеуі жаңа құрамға қайта сайланды: ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, ҚКП ОК хатшысы Ван Хунин және тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның хатшысы Чжао Лэцзи. 

Бүгін 20-шы шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси Бюросының ПК мүшелері қытайлық және шетелдік журналистермен кездесті. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің (ҚКП) Бас хатшысы Си Цзиньпин Бейжіңдегі халық жиналысы үйінде өткен баспасөз жиналысында партияның жаңа орталық басшылығын таныстырды.

Ол ҚКП 20-шы Орталық Комитетінің Саяси бюросының тұрақты комитетінің жаңадан сайланған тағы алты мүшесін таныстырды: Ли Цян, Чжао Лецзи, Ван Хунин, Цай Ци, Дин Сюэсян және Ли Си, - деді Си Цзиньпин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы