Си Цзиньпин Әзербайжанның ШЫҰ-ға кіруін қолдайтынын мәлімдеді

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне және Қытай халқының жапон агрессиясына қарсы соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 80 жылдығына арналған шараларға қатысу үшін келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында Си Цзиньпин Әзербайжанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қосылуын қолдайтынын жеткізді.

Қытай Әзербайжанның ШЫҰ-ға кіруін қолдайды және Оңтүстік жаһанның ортақ мүдделерін қорғау әрі адамзаттың ортақ тағдыр қауымдастығын қалыптастыру жолында көпжақты негізде тығыз ынтымақтасуға дайын, – деді Қытай көшбасшысы.

Сонымен қатар ол Қытайдың Әзербайжанмен екіжақты серіктестіктің қарқынды дамуын одан әрі қолдап, ынтымақтастықты күшейтуге ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әзербайжан ШЫҰ-да диалог бойынша әріптес мәртебесіне ие. Дегенмен Баку ұйымға бақылаушы ел мәртебесін алу үшін ресми түрде өтініш берген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы