25 Тамыз 2019 2019, 14:51

Қазақстан делегациясы ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің І отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы аясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы аясында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға ШЫҰ мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.


Отырыста Ресейдің ШЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, мүше-мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру барысы, 2019 жылдың 31 қазан - 1 қарашада Ташкент қаласында өтетін Ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай-ақ басқа да жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ұйымы аясында бастамаларын ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныс жасады.  

Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ұлттық үйлестірушілері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілдерінің бейресми консультациялары өтті. Қатысушылар екі ұйым арасында ықпалдасудың ықтимал жолдарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.