ШЫҰ: Сыртқы істер министрлері Иран президентін үнсіздікпен еске алды
Елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президентін үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын қайғылы оқиғалар алдында бастауға мәжбүрмін. Иран Президенті мен Мәртебелі Равеси мырзаның және біздің құрметті әріптесіміз, жақсы досымыз Абдолахиан мырзаның қайтыс болғаны туралы хабар баршамызды қатты қынжылтты, - деді Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.
Министр атап өткендей, олар Отанына соңғы сәтке дейін адал қызмет еткен, оның мүддесін қорғап, бар ғұмырын Иран халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, өз елінің дамуына және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнаған көрнекті тұлғалар болды.
Жеке өз атымнан және кеңес (ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК) атынан көңіл айтамын және орны толмас қазаға ортақтасамын. Осыған байланысты бір минуттық үнсіздік жариялап, оларды еске алуды ұсынамын, - деп Нұртілеу мен отырысқа қатысушылар қаза тапқан әріптестерін еске алды.
Отырыс алдында алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысушы делегациялары басшылары бірлесіп суретке түсті.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Үндістан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Д.Рави, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық дипломатия министрінің орынбасары М.Сафари, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ж.М.Кулубаев, Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.И.Дар, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.В.Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Мухриддин, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.О.Саидов. Беларусь Республикасының Сыртқы істері С.Ф.Алейник, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және ШЫҰ АТҚ Атқару комитетінің директоры Р.Е.Мирзаев қатысып жатыр.
Отырыс аяқталғаннан кейін ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасайды.