ШЫҰ саммиті: Тоқаев делегацияларды қарсы алып жатыр

Астанада Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы бірер уақыттан кейін басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәл қазір Тәуелсіздік сарайына делегациялар келіп жатыр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын қарсы алып жатыр.

Саммитке 16 елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстанның мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

Сондай-ақ саммитке ШЫҰ Бас хатшысы мен ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысады. 

Оған БҰҰ Бас хатшысы мен ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ХОСБ және ЕЭК сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары, бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктестер басшылары қатысады деп күтіліп отыр.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен саяси мәселелердің кең ауқымын қарастырады. Сонымен қатар Астанада өтетін саммитте Беларусьтің Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы