ШЫҰ саммиті: Путин ұсыныс жасады
Ресей Президенті Владимир Путин ШЫҰ-ға мүше елдерге жеке төлем және есеп айырысу механизмін құру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Путиннің сөзінше, 2023 жылы ШЫҰ-ға мүше елдердің ЖІӨ-нің орташа өсімі 5%-дан асты, өнеркәсіп өндірісі – 4,5%, ал инфляция деңгейі небәрі 2,4% болған.
Ресей басшысы ШЫҰ-ның мемлекеттері өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды пайдалануды ұлғайтып жатқанына тоқталды.
Мысалы, Ресейдің ұйым мүшелерімен жүргізген коммерциялық операцияларындағы үлесі биылдың алғашқы төрт айында 92 пайыздан асты. Ресейдің ШЫҰ-да өзінің төлем-есеп айырысу тетігін құрумен айналысу туралы ұсынысын еске саламын, – деді Владимир Путин Астана саммитінде.
Еске сала кетейік, Астанада Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-інші отырысы өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді ШЫҰ-ға Қытай төрағалық етеді
Өзгелердің жаңалығы