ШЫҰ саммиті кезінде блок-бекеттер қойыла ма
Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Елімізде үлкен шара өткелі жатыр. Бұл халықаралық тәжірибе. Сол себепті біз қолданып жатқан шаралардың барлығы қауіпсіздік үшін. Қала аумағында блок-бекеттер болады,- деді ол.
Оның айтуынша, алты мыңнан сегіз мыңға дейін полиция қызметкері кезекшілікте болады. Басқа қаладан келетін тұрғындар үшін ешқандай шектеу болмайды.
Ал үйсіздерге келсек, олар шығарылмайды. Біздің азаматтар еліміздің барлық аумағында еркін жүріп-тұруға құқылы, - деді ол.
Еске салсақ, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы