ШЫҰ: Президенттер қандай құжаттарға қол қойды?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет басшылары кеңесінің XXIV отырысын жабық деп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ШЫҰ болашағына оптимизммен қараймыз. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ аясындағы біздің ынтымақтастығымыздың жаңа парағын ашып, ұйымымыздың жүйелі әрі жан-жақты дамуына жәрдемдесетініне сенімдімін, - деді Тоқаев.
ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесі Астана декларациясына қол қойды.
Мемлекет басшылары тарапынан төмендегі шешімдерге қол қойылды:
ШЫҰ-ның әділетті әлем, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы бастамасын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы туралы шешім;
ШЫҰ ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің ШЫҰ қызметін жетілдіру туралы ұсыныстары туралы шешім;
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығының 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастық стратегиясын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инвесторлар қауымдастығы туралы шешім;
ШЫҰ ға мүше мемлекеттердің қорғалатын аумақтар және экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы шешім;
2024-2025 жылдары Қытайдың Циндао қаласын ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім;
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен ШЫҰ әріптестері арасындағы диалог бойынша өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жол картасын бекіту туралы шешім;
ШЫҰ жобалық қызметін қаржылық сүйемелдеу тетіктері туралы шешім;
ШЫҰ Хатшылығы мен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық кардинациялық орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы шешім;
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жоспары туралы шешім және т.б.