ШЫҰ миссиясы референдумға байланысты мәлімдеме жасады
Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте ШЫҰ байқаушылар миссиясы республикалық референдумға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Миссия басшысы, ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Олег Копылов референдумның өткізу барысын жоғары бағалады.
Астанаға ҚР СІМ шақыруымен келіп, АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға дайындық пен өткізілу барысына мониторинг жүргізіп жатырмыз. Біз халықаралық байқаушыларды шақыру - Астананың референдумның барынша ашықтығын және демократиясын қамтамасыз етуге ұмтылысы деп жоғары бағалаймыз, - деді ол.
ШЫҰ миссиясынан 13 байқаушы аккредитациядан өткен. Олар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сайлау, заңнама органдарының және дипломатия қызметкерлері, сондай-ақ ШЫҰ-ның лауазымды өкілдері.
Біздің миссия өз функцияларын саяси бейтараптық, объективтілік және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидатын сақтай отырып, президенттік немесе парламенттік сайлауда, сондай-ақ референдумда ШЫҰ байқаушылар комиссиясының ұстанымын ҚР заңнамасына сәйкес басшылыққа алады. Миссия байқаушылары референдумға бір күн бұрын Астана және Ақмола облысындағы бірнеше учаскелік комиссия жұмысының қызметімен танысып, референдумды өткізуге дайындығын көрді. Референдумды өткізу бойынша орталық комиссиясында бірнеше кездесу өткізді. Сондай-ақ басқа да халықаралық және жергілікті байқаушылармен кездестік, - деді Олег Копылов.
Халықаралық байқаушы Қазақстан референдум процестерінің дайындығын және өткізілуін қадағалауға барлық жағдай жасағанын атап өтті.
Референдум процестерінің дайындалуын қадағалау үшін толыққанды ақпарат берілді, шағымдар болған жоқ. Айта кетерлігі, миссияның қорытындылары дауыс беру күні миссия мүшелері жүргізген жеке бақылаулар мен нақты материалдарға негізделген. Референдум әлі жалғасып жатқаны түсінікті. Бірақ қазірдің өзінде референдум ашық өткізіліп жатқанын мәлімдегіміз келеді. Оған азаматтық қоғам белсенді қатысып жатыр. Ал азаматтарға дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған, - деп мәлімдеді халықаралық байқаушы.
Республикалық референдум қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өтіп жатыр деп ойлаймыз. Біз Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдум ашық, еркін және заңды деп есептейміз. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 51,77% бюллетень алды. Сондықтан Қазақстанды құттықтай беруге болады. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ референдум әлі өтіп жатыр. Бастысы - барлық азаматтың өз таңдауын жасауға үлгеруі.