ШЫҰ кеңесінде энергетикалық ынтымақтастықты дамыту жобасы мақұлданды
ШЫҰ Энергетикалық ведомстволарының басшылары мақұлдаған жоба 2030 жылға дейінгі стратегияны қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылғы 20-21 маусымда Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесі өтті.
Бекітілген стратегияда біз ШЫҰ елдерінің ұлттық жағдайларына сәйкес теңдестірілген тәсілді жүргізу, дәстүрлі және жаңартылатын энергетиканы дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірге қол жеткіздік, - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Құжат энергетикалық ресурстардың транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларын және экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін қоса алғанда, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы 2030 жылға дейінгі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды; саланы дамыту басымдықтарының теңгерімін құра отырып, жаңа энергетикалық жүйені қалыптастыру; дәстүрлі энергия көздерін жаңғырту, саланы жүйелі жетілдіру; ЖЭК пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар мен ғылымды дамыту, сутегі энергетикасы; энергия үнемдеу саласында жаңа шешімдер іздеу және энергия тиімділігін арттыру.
Сондай-ақ, энергетикалық ведомстволардың басшылары энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық тәсілдерін, мүше мемлекеттердің, байқаушы мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша әріптес елдердің энергетикалық секторының орнықтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тәсілдерді дамытуға жәрдемдесуді және нақты шешімдерді әзірлеуді талқылады.