Бүгiн 2026, 07:03
Фото: ШЫҰ ресми сайты
ШЫҰ Ирандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
ШЫҰ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқына ынтымақтастық пен қолдау туралы мәлімдеді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттер Таяу Шығыстағы оқиғаларға және Иран аумағына жасалған әскери соққыларға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйымның ресми мәлімдемесінде қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге шақырылған:
- ШЫҰ мүше мемлекеттері күш қолдануға жол берілмейтінін және барлық тараптар арасындағы диалог, өзара сыйластық пен заңды мүдделерді ескере отырып қайшылықтарды тек бейбіт жолмен реттеуді қолдайды.
- Иранның егемендігі, қауіпсіздігі және аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық тараптар ұстамдылық танытып, жағдайды ушықтыра алатын әрекеттерден бас тартуы керек.
- Біріккен Ұлттар Ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдауға шақырады.
Сонымен қатар ШЫҰ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран үкіметі мен халқына ынтымақтастық пен қолдау туралы мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда Израиль АҚШ-тың қолдауымен Иранға қарсы әскери операцияны бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп операцияның басты мақсаты Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу және Еуропа мен АҚШ үшін қауіпті бейтараптандыру екенін айтты.