ШЫҰ Бас хатшысы Қазақстанның ұйымға төрағалығын жоғары бағалады

Елордада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМК отырысының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин баспасөз мәслихатында Қазақстанның ұйымға төрағалығын бағалады.

Ол атап өткендей, ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстан Республикасына өткен 2023 жылдың шілдесінен бері қазақстандық тарап түрлі салаларда 180-нен астам іс-шара ұйымдастырды.

Осы Миссия барысында қазақстандық серіктестер 2024 жыл деп жарияланған «Экология жылы» аясында экономикалық, инвестициялық, көліктік, мәдени-гуманитарлық тақырыптарға, сондай-ақ экологиялық аспектілерге ерекше назар аударды. Біз сондай-ақ қазіргі төрағаның қызу саяси оқиғалар туындаған жағдайда Ұйымның ортақ ұстанымын қалыптастыру бойынша жедел әрекеттері мен күш-жігерін ерекше атап өткіміз келеді. Мен Израиль-Палестина қақтығыстарының шиеленісуін және ШЫҰ-ға мүше кейбір мемлекеттердегі соңғы лаңкестік актілерді айтып отырмын, - деп Чжан Мин Қазақстанның іс-шараларды ұйымдастыру кезінде жоғары кәсіби деңгейіне назар аударды.

ШЫҰ Бас хатшысы еліміздің ұйымға төрағалығына жоғары баға берді.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы өте мазмұнды әрі қызықты болды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қолдауымен Астана саммиті сәтті өтіп, Ұйымға жаңа серпін беріп, оның дамуындағы тағы бір маңызды кезеңге айналатынына сенімдімін. Біз өз тарапымыздан оны дайындау мен жүзеге асыруда барынша көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті ол.

Чжан Мин сондай-ақ 2024 жылғы 15-16 қазанда Исламабадта өтетін ШЫҰ Үкімет басшылары (Премьер-министрлер) кеңесінің отырысын өткізу аспектілері қарастырылатынын айтты.

Отырыс нәтижесінде саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпжақты ынтымақтастыққа қатысты 22 шешім қабылданып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының ШЫҰ Хатшылығының жұмысы туралы есебі тыңдалды. 2023 жылдың мамырынан 2024 жылдың мамырына дейінгі кезең бекітілді.

Сөз соңында ШЫҰ Бас хатшысы ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын жоғары кәсіби деңгейде өткізгені үшін Премьер-министр – Сыртқы істер министрі М.Ә.Нұртілеуге, Сыртқы істер министрлігінің ұжымына және жалпы қазақстандық әріптестеріне алғысын білдірді.

Чжан Мин бүгінгі іс-шарада халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу болғанын айтқан еді. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан ШЫҰ әлеуетін барынша арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеп келетінін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы