Шымкенттің әскери қызметшілері балалар үйіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің әскери қызметшілері №3 балалар үйінде сенбілік өткізді.

Әскери қызметшілер балалармен бірге әскердегідей таңертеңгілік дене жаттығу жасап, балалар үйінің аумағын тазалап, абаттандырды.


Өткізілген сенбілікте әскери қызметшілер тәрбиеленушілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтауды ұмытпады. Олар өздерімен бірге жемістер, тәтті сыйлықтар мен көптеген ойыншық алып барды.


Балалар көзіндегі қуаныш әскери қызметшілер үшін ең жақсы алғыс болды.


Біз тұрақты негізде ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеу мен дамытуға өз үлесімізді қосуға тырысамыз, - деп атап өтті Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев.


Айта кетсек, «Жас Ұлан» мектебінің балалар үйімен достығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Дәстүр бойынша жыл сайын әскери мектептің жеке құрамы балаларға барып, мекемеге қолдан келгенше көмек көрсетеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы