Шымкенттік шенеунік алаяқтығы үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте салықты бақылау бөлімінің басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үкім шығарды.

Анықталғандай, ол әріптесіне «соңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері түсті» деп алдап, 5 млн теңге берсе, мәселені шешетінін айтқан. Сондай-ақ алдағы уақытта қамқор болып, «қанатының астына алатынын» жеткізген. Алайда әріптесі бірден жемқорлықпен күрес қызметіне хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Сотта прокурорлар алаяқтық әрекет жасаған бөлім басшысын 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот 150 млн теңге айыппұл салды. Ол  енді өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.

Сот қылмыстық істің барлық материалдарын зерттей келе оның кәмелет жасына толмаған төрт баласының бар екенін ескере отырып, 150 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ сот бұл соманы өтеу үшін оған үш айға дейін уақыт берді, – деді Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы