Шымкенттік құтқарушылар Атырауда су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Шымкенттен келген құтқарушылар Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Шымкент қаласы ТЖД құтқарушылары Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда құтқарушылардың күштерімен инертті материал толтырылған 18000-ға жуық қап төселіп, 51 932 текше метр су сорылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы