Шымкенттік полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы құқықтық тәртіпті бейнебақылау камералары арқылы қамтамасыз ету кезінде Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпір қоршауына шыққан ер адамды байқайды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Орта жастағы азамат көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Кезекші инспекторлар жылдам әрекет етіп, жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің автоэкипажын жіберді. Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов көпірге үш минут ішінде келіп, ер адамды алаңдату үшін онымен әңгіме бастайды. 

Барлық мәселелер өз уақытымен шешілетінін, өмір сүруді әрі қарай жалғастыру керек екенін түсіндіреді. Ол тәртіп сақшыларының әңгімесіне назар аударып, отбасы мен балалары туралы сұраққа жауап бере бастаған.

Дәл осы сәтте полиция оны ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізді. Болған оқиғаның барлығы полиция қызметкерлерінің бейнежазбасына түсіп қалған. Көпбалалы әке отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз-өзіне қол жұмсауға бел буған екен. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы