Шымкенттік полицейлер жоғалған балақайды анасымен қауыштырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады. 

4 қарашада сағат 20:40 шамасында Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына қарасты №61 учаскелік полиция пунктіне Нұрсат мөлтекауданында 5-6 жас шамасындағы кішкентай баланың жалғыз өзі жылап жүргені, үйінен адасып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша, учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Есмаханбетов Әкежан баланың ата-анасы мен мекенжайын анықтау мақсатында жедел іс-шараларына кірісті.

Жақын маңдағы тұрғындардан сұрастырып, іздестіру нәтижесінде баланы Шымкент қаласы Нұрсат мөлтекауданында тұратын анасына аман-есен жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы