Кеше 2026, 23:55
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкенттік оқушы 23 шетелдік университеттен шақырту алды
Дегенмен, ол білімін Қазақстанда жалғастыруды жөн көріп, Nazarbayev University оқу орнын таңдады.
Nazarbayev University студенті атанған шымкенттік түлек 23 шетелдік университеттен шақырту алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы түлегі Тамерлан Сыздықов халықаралық олимпиадалар мен іріктеу кезеңдеріндегі жоғары нәтижелерінің арқасында АҚШ, Гонконг, Австралия, Испания, Италия, Түркия және Ұлыбританияның жетекші университеттерінен ұсыныс алған.
Қала әкімдігінің қолдауымен өткен «Үздік оқушы – 2025» байқауының жеңімпазы атанған талапкер шетелдік оқу орындарының шақыртуына қарамастан, білімін Қазақстанда жалғастыруды жөн көріп, Nazarbayev University оқу орнын таңдады.