Инспектор балалар жол апатына не себепті жиі түсетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе құлаққапты құлағына салып алып, көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады.
Шымкенттік оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Әсел Бекдуалиева оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Яғни бастауыш сынып оқушыларына көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүру және бағдаршамның түстері мен қызметі туралы түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.
Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе құлаққапты құлағына салып алып, көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Сондықтан ата-аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, қадағалап отыру керектігін айтқым келеді, – дейді Әсел Адамбекқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Өзгелердің жаңалығы