Шымкенттік дәрігерлер науқас балаларды өмірлік маңызды препараттармен емдеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте науқас балаларды емдеу үшін әлемдегі ең қымбат препаттар жеткізілді. Дәрігерлер, бір құтысы 42 млн теңге тұратын дәрілік заттың ауыр дертке шалдыққан балаларға тигізер пайдасы орасан дейді.
Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік өңірінде алғаш рет Алматы қаласындағы 2 балалар ауруханасы мен Шымкент қаласындағы балалар ауруханасының арасында мастеркласс өткізіліп, мамандар тәжірбие алмасып, жаңа препаратты емдеу жұмыстарында қолданған ақ халаттылар төсекке таңылған балалардың емінде оң өзгерістерге қол жеткізуде.
«Спинраза» дәрісі бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған балаларды емдеу үшін қолданылады. Осындай дертке шалдыққан 6 баланың еміне қазір дәрігерлер осы дәрілік затты қолдануда. Бұл үшін қалалық мәслихаттың шешімі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 1 013 946 969 теңге бөлінген.
Дәрілік затпен жұлынға инъекция жүргізу үшін «Алматы қаласының № 2 Балалар ауруханасының бұлшық ет аурулары бойынша ЭКС Коородинатор мүшесі – Мырзалиева Бахыт, Алматы қ. №2 ҚБА нейрохирург дәрігері – Серікбаев Бакытжан, жүйке аурулар бөлімшесінің меңгеруші – Әбдіхалык Бибігүл және Шымкент қаласының қалалық балалар клиникалық ауруханасының мамандары жүйке аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқарамасының штаттан тыс бас балалар неврологы- Махамбетова Гүлжахан Сайдуллаевна, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар нейрохирургі – Абдуллаев Тансық , ота жасау бөлімінің меңгерушісі – Алменов Бауыржан, жас маман невролог дәрігер – Әлібек Рустемнің қатысуымен "жұлын бұлшықетінің атрофиясы" диагнозы бар 6 балаға нусинерсен (Спинраза) препаратының патогенетикалық терапиясының бірінші дозасы салынды.
Бүгінгі таңда Шымкент қалалық мәслихаты алты балаға Нусинирсен препаратын алып берді. Бұл препарат ингаляциялық наркоздың бүркемесімен асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып, операция жасау бөлімшесінде интратекальді түрде енгізіледі.
Нұсқауларға сәйкес бұл препарат әр 14,28,63 күнде жүргізіледі. Пациенттердің бірінші және екінші дозалары асқынусыз және жағымсыз әсерлерсіз өтті.
“Бұлшық ет атрофиясы" Жұлынды зақымдайтын бұл дерт тұқым қуалайды. Мұндай ауруға шалдыққан науқастың барлық бұлшықеті семіп, қиымылында шектеулер пайда болады. Егер уақтылы анықтап, емдеу жұмыстарын жүргізбесе, соңы, тыныс жетіспеушілігі салдарынан қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Айта кетейік, Италия және Ұлыбританияда өндірілетін инъекцияның көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасындағы дәрігерлер қазір алты науқас баланы емдеп жатыр. Дәріні қабылдап жатқан балаларда жақсы нәтижелер байқалады дейді мамандар.
Бұлшық ет атрофиясында қимыл әрекетке жауап беретін мото нейрондар зақымдалады. «Спинраза» дәрәсінің көмегімен жасалатын инъекциялық терапия дәл сол қимыл әрекетке жауапты геннің орнын басады. Соның салдыранан баланың белсенлігі артып, әрекеті көбейіп, белсенді өмір сүреді. Бірінші, екінші, үшінші инъекция он төрт күн сайын салынады. Ал төртінші инекция 63 күннен кейін. Ал одан кейін бір науқас бала жылына төрт рет емдеу курсынан өтеді, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс неврологы Гүлжахан Маханбетова,
Азизбек Кудратуллаевтың 3 жасар баласын емдеу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері «Спинраза» препаратын қолдануда. Алғашқы емдеу курысының өзінде жас әке ұлының денсаулығында оң өзгерістер барын байқапты.
Бұрын аяғын белін мүлдем қимылдата алмайтын. Ал қазір жәйман қиымлдатып, өздігімен әрекет етуге тырысуда. Бұл емнен жақсы нәтиже күтеміз. Әрине ол үшін өзімізден әрекет ету керекпіз, – дейді жас әке Азизбек Кудратуллаев.
Айта кетейік, қала бойынша бұлшық ет атрофиясына шалдыққан 11 бала есепте тұрады. балаларға жыл сайын мұндай инЪекциялық емдеу курсы қажет дейді мамандар.Сондықтан емдеуге оң нәтижесі мол дәріні сатып алу үшін дәрігерлер тағы да сұраныс жіберген.