Шымкенттік адамдарды 4 млн теңгеге алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен брифингте айтты.

Наурыз айында whatsapp мессенджерінде «Касса отставки» деген топ пайда болған. Онда спорт ойындарына ставка қою арқылы 50 пайыз табысқа жетуге шақырған. Топтың әкімшісі жамбылдық әйел ұсталды. Ол топқа 30-100 мың теңгеге дейін 14 жәбірленуші ақша салған. Шымкент қаласының тұрғыны whatsapp арқылы ақша айналымы бойынша алаяқтық жасаған. Адамдарға келтірілген шығын 4 млн теңгені құрады, - деді ол.

Нұрмағамбетов айтып өткендей, алаяқтықтың көбі трансшекаралық сипатта кездеседі.

Интернет-алаяқтықтың түрлері өте көп. Алаяқтар көп жағдайда интернетті пайдаланады. Фишинг сайттары арқылы адамдардың жеке мәліметтерін ұрлау, осылайша банктен олардың атына онлайн несие алуды жүзеге асырады, - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басында павлодарлық тұрғын белгісіз компанияның жеңімпазы атанғаны туралы тұрғындарға хабарласып, алдын ала төлемді жіберуді сұраған.

Осы орайда адамдарға сенімсіз сайттар мен тұлғаларға, нөмірлерге жеке мәліметтерді жібермеуін сұраймын. Телефон мен компьютерге түсініксіз қосымшаларды көшірмеуге шақырамыз, - деді Қанат Нұрмағамбетов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы