Шымкенттен бөлінгеннен кейін медицина саласы ақсап қалды – Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты.
Оның айтуынша, негізгі медициналық нысандар Шымкент қаласында қалып қойды. Содан да Түркістан қаласындағы ауруханалардың жағдайы төмен.
Алайда біз сол олқылықтың орнын толтыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы саланы дамытуға арналған жобалар бар. Соның бірі - 570 орындық госпиталь құрылысы. Ол жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде салынып жатыр. Оны әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтың бірі болады деп ойлаймын. Өйткені заманауи талаптарға сай салынып, іші толықтай цифрландырылған, соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталады. Нысан келесі жылдың ортасында пайдалануға беріледі. Үкімет пен министрліктің айтуынша, ол республикаға ортақ модельдік госпиталь болады. Бұл облыстың медицинасына үлкен серпін береді, - деді ол.
Аймақ басшысы, сонымен қатар, осыдан бір ай бұрын 200 орындық инфекциялық аурухананың іске қосылғанын атап өтті.
Араб елінің қаржысына Ана мен бала орталығының құрылысы басталды. Халықаралық қазақ-түрік университетінің емханасы мен факультетінің сапасын көтеру қолға алынбақ. Жуықта осы мәселеге қатысты түрік ағайындармен кездесу ұйымдастырдық. Алдағы уақытта медициналық факультет пен емхананы заманауи құрылғылармен жабдықтау, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселесі көтерілді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы