Шымкенттегі жарылыс. Қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев және Шымкент қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдірамановтың қатысуымен өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.

Қала аумағында 2022 жылдың 21 мамыр күні орын алған оқиғаға қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, біраз экспертизалар тағайындалды, - деді департамент басшысының бірінші орынбасары.

Бапаспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Дәулеткелді Амангелдіұлы қозғалған қылмыстық іс туралы толығырақ айтып өтті.

Орын алған төтенше жағдай бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 292-і бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген. Тергеу амалдары жүргізілуде.Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты  прокуратура тарапынан тергеу жүргіземіз және лицензиясынан айырылуы мүмкін, - деді спикер.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы