Шымкенттегі жарылыс құрбандарының саны үш адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан жеке дәріхана ғимаратында жарылыс болғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш. және 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Оқиға кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Олардың барлығы Шымкенттің басқа медициналық ұйымдарына көшірілді, - делінген таратылған ақпаратта.

Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылуда. Медициналық қызметкерлер бригадалары ауылда перинаталдық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаларға жіберіледі, себебі, №1 ОПО 3-ші деңгейдегі функцияларды орындап, облыстың 7 ауданынан жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызуды жүзеге асырды. Зардап шеккендерге А.Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беруде, - деп хабарлады ДСМ. 

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасын уақытша өңірлендіру туралы тиісті бұйрық дайындалып, өңір әкімінің орынбасары бастаған облыстық клиникалық ауруханада жұмыс штабы құрылды.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы барды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы