Шымкенттегі тойда баспалдақпен көтерілген ат қонақтарды таңғалдырды
Шымкентте мейрамханалардың бірінде өткен шарада қонақтар атты баспалдақпен көтеріп шығарды. Ерекше көріністің видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көптеген қолданушылар бұл әрекетке шошына қарап, жануарға жасалған мұндай қылықты орынсыз деп бағалады. Пікірлердің бірінде мұндай әрекеттер тек жануарды қорлау ғана емес, мәдениеттің төмендігін көрсететіні айтылған.
Мұндайға жазалау керек. Бейшара жануарларға жасалған қорлық.
Бұл – мәдениетсіздік. Ешкімге керегі жоқ, қызықсыз понт.
Біз өркениетке ұмтылуымыз керек! Адамның ақымақтығының шегі жоқ, – деп жазды желідегі пайдаланушылар.
Бейнеролик жергілікті пабликтерде тез тарап, оны "шымкенттік понт" деп атап кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы ең қауіпсіз әрі таза жағажайлар анықталды
Өзгелердің жаңалығы