Шымкенттегі шу: 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Шымкентте жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеген қылмыстық топтың жолы кесілді. Тергеу барысында қызметкерлер мен түрлі мамандардың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін емтихансыз, пара беру арқылы рәсімдеуге мүмкіндік жасаған қылмыстық топ әшкереленді. Тергеу деректеріне сәйкес, 2021–2023 жылдар аралығында 500-ге жуық адам жүргізуші куәлігін заңсыз түрде алған.

2023–2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған. Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен. Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан, - деп жазылған Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды. 

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы