Шымкенттегі сайлау учаскелері дауыс беруге дайын – Құнанбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-да өткен онлайн брифинг кезінде Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев айтты.
Шымкент қаласында 312 сайлау учаскесі бар. Оның 293-і тұрақты орындарда, 19-ы уақытша орындарда. Қазақстан Республикасының Сайлау Конституциясына сәйкес барлық сайлау учаскесі талапқа сай. Сайлау учаскелерінің ережелері бекітіліп, бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі талаптары толығымен сақталды. Шымкент қаласы «жасыл аймақта» орналасқандықтан ПТР-тестілеуден өткен жоқ, - деп айтты Қайырбек Құнанбаев.
Сондай-ақ, ол жасырын дауыс беру кабиналары жеткілікті екенін баяндады.
Аудандық сайлау комиссияларының шешімімен қазіргі таңда 18 учаске жұмысын кез келген уақытта аяқтайды. Олар емделу мекемелері, екі әскери бөлім. Сонымен қатар, бір учаске дауыс беру уақытын таңғы 6.00-де бастайтын болады. Қазіргі таңда бізге 122 куәлік берілді. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орындарымен хабарландыру мақсатында 7-8 мыңдай плакаттар дайындалды. Олар көпқабатты үйлердің алдына ілінді. Барлық сайлау учаскелеріне дауыс беру бюллетендері жеткізілді. Депутаттарды сайлауға 623 197 бюллетень дайындалды. Сайлау учаскелері дауыс беруге дайын, - деп түйіндеді ол брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы