Шымкенттегі өзенде балықтар жаппай қырылып қалды

Шымкенттегі Бадам өзенінің жағалауынан жүздеген өлі балық табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ақпаратты otyrar.kz таратты.

Әлеуметтік желіде өлі балықтарды құстармен қатар қала тұрғындарының да қапқа салып жинап жүрген видеолары тарады.

Экология департаменті тергеу басталғанын хабарлады. Бір болжам бойынша, өзен үстіндегі құбыр жарылып кеткен. Балықтың неден уланғаны сараптама нәтижесінде анықталмақ.

Үлгілер жиналды, қазіргі уақытта талдау жүргізілуде, бірақ нәтижелері үш күн ішінде дайын болады, - деді Шымкент экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев.

Санэпидемиологиялық бақылау өкілдері Шымкентте балық сатып алмас бұрын өнім құжаттамасын тексеруді ұсынады.

Тиісті құжаттамасыз балық өнімдерін сатып алмаңыз. Әрбір өнімнің сәйкестік сертификаты немесе кем дегенде ветеринарлық сертификаты болуы керек, - деді Мемлекеттік балық шаруашылығы және қоршаған ортаны бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Otyrar.kz / видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы