Шымкенттегі колледжде бес жыл бойы заңсыз стипендия тағайындалған
Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде бес жыл бойы бюджет қаражаты заңсыз жұмсалғаны белгілі болды. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексерісі бойынша шығын көлемі 204,1 млн теңгеге жеткен, оның тек 3 млн теңгесі ғана қайтарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2021-2025 жылдар аралығында студенттердің тамақтану, жатын орын және оқу әдебиеттерін сатып алу шығындарын жабуға бөлінген қаржы заңсыз иемденілген. Бұл 286 студентке әсер еткен.
- 2021 жылы – 71 студентке 11,9 млн теңге,
- 2022 жылы – 160 студентке 19,1 млн теңге,
- 2023 жылы – 235 студентке 43,8 млн теңге,
- 2024 жылы – 210 студентке 78,3 млн теңге,
- 2025 жылдың алғашқы жартысында – 206 студентке 50 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар, 310,2 мың теңге көлемінде артық стипендия төленген және 712 мың теңге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша негізсіз аударылған.
Аудит қорытындысы бойынша колледжге заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен бірге, заңсыз қаржы бөлуге қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда көшелерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Өзгелердің жаңалығы