Шымкентте көлік ұрлаудың ерекше әдісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте бір адам 11 көлікті тек таңғы сағат 4-6 аралығында ұрлап отырған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.

Шымкенттік полицейлер бір үлгідегі 11 жеңіл көлікті ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Соңғы 4 айда Шымкент қаласының тұрғындарынан полицияға Daewoo Nexia маркалы автокөліктің ұрланғандығы туралы арыз түсе бастаған. Айта кету керек, барлық ұрланған көліктер дабыл белгісімен жабдықталмаған және жарықтандыру мен бейнебақылау камералары жоқ аулалардан ұрланған,- дейді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, қылмыстық іздестіру кезінде тергеушілер барлық фактілерді жан-жақты зерделеген. Сыртқы бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар алынып, зерделеніп, олар бойынша барлық оқиғалардың хронологиясы қалпына келтірілген. 

Қылмысты байқатпау үшін көліктерді таңғы сағат 4-тен 6-ға дейін бір адам ұрлағаны анықталған. Ол қалаға кешкі сағат 8-де келіп, қауіпсіздік жүйелері бойынша нашар автокөліктерді іздеген. Жүргізілген ауқымды жедел-іздестіру жұмыстарынан кейін, көлік ұрлығына күдіктіні Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмысқа ықтимал қатысушылар анықталуда,- дейді ресми өкіл.

Кейін оның қарапайым сызғыштың көмегімен автомобильдерді ашқаны белгілі болған. 

Содан кейін ол оталдыру құлпын ашып, қозғалтқышты іске қосып, машинаны мініп кетіп отырған. Сонымен қатар ол көліктердің нөмірлерін шешіп, оның орнына интернет арқылы сатып алынған Ресей Федерациясының жалған нөмір белгілерін таққан. Ұрланып, басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ 2 автомобиль бөлшектеліп сатылғаны анықталды. Қалған 3 автокөлік әлеуметтік желілер арқылы сатылған, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасады,- деді Нұрділдә Ораз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы