Шымкенттегі индустриялдық аймақтағы өрт толығымен сөндірілді

Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында болған күкірттің өртенуі толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инертті материалдарды төсеу және газсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Өртті сөндіру жұмыстарын күкірттің тотығуы қиындатқан. Өрттің алдын ала ауданы 1200 шаршы метрді құрайды.

Барлығы 364 адам, оның ішінде 200 бала эвакуацияланды. Ыстық тамақ ұйымдастырылды. 258 адам, оның ішінде 141 бала туыстарына кетті. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, КШМ жұмыс істеді. ТЖМ, ЖАО, ӨККД,102, 103, СЭС жеке құрамынан 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ. 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ күштері өртті толығымен сөндірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы