Шымкенттегі индустриялдық аймақта күкірт өртеніп жатыр

Шымкенттің өрт сөндірушілері ашық жануды сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірттің жануы анықталды.

ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы келуде. Өрт орнында ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы