Шымкенттегі дендропарк жаңа өсімдіктермен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың барлығы әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өсімдіктер мегаполисті газдан тазартып, қоршаған ортаны сауықтыруға сеп болмақ. Шымкенттің дендропаркі гүлдеген өсімдіктерге толы. Көздің жауын алады. Орманшы маман Ақнұр Шүленбаеваның айтуынша, алдағы уақытта саябақ адам танымастай өзгереді. Қазіргі уақытта өсімдіктердің гендік қоры ұлғаюда. «Азалия», «Хоумбуш», «Вейгела Виктория», «Гортензия ванилла фрейз». Бұл – жаңа өсімдіктердің атаулары. Жалпы, мұнда олардың 95 түрі өседі. Мамандардың басты мақсаты, оларды күтіп-баптау.Саябақтың алға қойған міндеттердің барлығы гендік қорды көбейту. Сол себепті биыл біз өзіміздің саябақты гүлдендіру мақсатында ағаштардың, бұталардың гүлдейтіндердің ішіне бұта түрлерін алып келдік. Былтыр 2019 жылдың қорытындысы бойынша 291 түрі болатын болса, ал биыл 95 түр қосылды, – деді дендропарк маманы, Ақнұр Шүленбаева.,
Шымкенттік дендропарк қоқыс жиналған жерде 40 жыл бұрын пайда болған. Ал қазіргі уақытта саябақ аумағында ағаштардың сирек кездесетін экзотикалық түрлері өсіп тұр. Ал қызғалдақ ағашы – мамандардың мақтанышы. Өсімдік Солтүстік Америкадан әкелініп, жергілікті климатқа әбден бейімделген. Өсімдіктердің ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгендері бар. Дендропаркте жануарлар мен құстар да тіршілік етеді.
Дендрологиялық саябақтың ғылым мониторингін молайту бөліміне қарасты жалпы көлемі үш соттық. Мұнда біз тұқымынан немесе «жасыл қаламша» әдісімен осы парк аумағында немесе қала аумағында сирек кездесетін ағаштар мен бұталарды көбейтумен айналысамыз. Және де биыл бізге келген интрудиценттер бар. Оларды да «жасыл қаламша» әдісімен көбейтеміз, – дейді ғылым бөлімінің меңгерушісі, Бекзат Жолдыбай.
Бұл – Орталық Азиядағы бірегей дендрологиялық саябақ. Бүгінгі таңда парк аумағында өсімдіктердің 400-ге жуық түрі өсіріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
UFC: Агапова нокаутпен жеңіліп, ауруханаға түсті
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы