Желіде Шымкенттегі атыс болған жерден түсірілген видео тарап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі атыстан кейін түсірілген видео пайда болды. 

Оны Instagram-дағы Shymkent online аккаунты жариялады. 

Айта кетейік, 29 қазан күні Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған болатын. 

Кадрларда атыс болған көше, одан кейін Шымкент қаласындағы Арғынбеков көшесінің бойындағы қайғылы оқиға болған кафенің іші көрінеді.


Дәмхананың еденінде екі адам жатыр. Олардың жараланғаны, қаза болғаны - белгісіз. Қырғын атыс салдарынан ғимараттың әйнектеріне дейін сынып кеткені байқалады.

Артынша әлеуметтік желілерде күдіктілердің біреуінің фотосы пайда болды. Суреттегі ер адамның қолында автоматқа ұқсас зат бар. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы