Шымкенттегі алты аурухана оттегі өндірісін іске қосады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі алты ауруханада оттегі өндіретін цех іске қосылады. Ендігі жерде аурухана оттегіні өзі өндіреді.
Қазір цех көп салалы клиникалық емдеу орыны, перзентхана мен жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істеп тұр. Мұндағы оттегі құрылғылары пневмония, жедел респираторлық вирустық инфекция мен коронавирус індетінен ем алып жатқан науқастарға үлкен көмек болып отыр. Қаладағы 6 ауруханада жағдайы нашар науқастар үшін оттегі желісі тартылған 800-ден астам төсек-орын жасақталды. Оның 46-сы қалалық клиникалық ауруханада орналасқан. Емдеу мекемесі бұған дейін тәулігіне 100-110 баллонды тасымалдайды. Қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 оттегі баллонына қажеттілік туындап отыр.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың айтуынша, бұл мәселелер шаһарда біртіндеп шешімін табады.Жалпы қалада 3860 инфекциялық және провизорлық төсек-орындар болатын болса, 861-ге тарта бізде қазір кислородтық төсек-орындар ұйымдастырылды. Қазіргі кезде осы кислородтық төсек-орындарды тұрақты түрде қамтамасыз ету жөнінде қала әкімінің тапсырмасына байланысты қаладағы барлық бұрынғы ауруханаларда өздерінде болған кислород шығаратын цехтардың барлығын толық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір бізде №1 клиникалық ауруханада өздерінің кислород цехы бар екен, оны ремонт жасап, өздері кислород шығарып жатыр. Алда кардиоорталықта және 3 ауруханада тұрақты түрде кислородпен қамтамасыз етуді жолға қоятын боламыз, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық кеңестің жұмыс кездесуі өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы