Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр деп,- хабарлады turkystan.kz.
Аталған департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 қызметкерден бөлек, аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылды.
Шымкент қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды, – делінген департаменттің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында жаңбыр суы көшелер мен үйлерді басып қалды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы