Шымкенттегі 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады.
Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метр. Бүгінде онда жиналған су мөлшері 50 пайыз ғана. Ал, Абай ауданы аумағында орналасқан "Ақжар" су қоймасы 723 млн текше метр суды ұстап тұруға қауқарлы. Су қоймасы күні бүгінге дейін 68 пайызға толыпты, - делінген хабарламада.
Мұнан бөлек, Елтай елдімекені маңында орналасқан "Бадам" су қоймасының сыйымдылық мөлшері 61,5 млн текше метр. Қазір онда толған су 90 пайыздан асқан. Жағдай мамандардың тұрақты бақылауында. "Тоғыс" су қоймасы толса, 4,6 млн текше метр су жинай алады. Қаладағы Тоғыс тұрғын алабында орналасқан су қоймасына дәл қазіргі таңда 19 пайыз ғана су келген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кеншілер қаласында қылмыс деңгейі төмендеді
Өзгелердің жаңалығы