Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: Күдіктінің жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды
Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктіге іздеу жарияланды. Оның жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің дерегіне сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша Аймахан Шерхан Әлмаханұлы, 1997 жылы туған азамат күдікке ілінген.
Ол қылмыс орнынан HYUNDAI MUFASA маркалы автокөлікпен қашып кеткен. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі – 015AUY17, - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Құқық қорғау органдары күдіктінің немесе аталған автокөліктің қайда екені туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.
Бұған дейін хабарланғандай, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеп, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын хабарлаған еді.
Тергеу барысы полицияның ерекше бақылауында.