Шымкентте жылу қашан берілетіні белгілі болды
1 қарашадан бастап Шымкентте жылу беріле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 6 қарашаға дейін мегаполистегі барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі.
Алдымен жылу мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға және өзге де әлеуметтік маңызы бар мекемелерге беріледі. Одан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына қосу жұмыстары жүргізіледі.
Салыстыра кетсек, Алматыда жылыту маусымы 8 қазанда басталған болатын.
Айта кетейік, синоптиктердің болжамы бойынша алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы суытып, өзгерістер күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы