Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкентте «Құрылыс сапасы» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 3200 орынға арналған 2 мектеп пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін 9 мектептің құрылысын аяқтау көзделген, - деді әкім.

Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 3 мектептің құрылысын салуға 7,7 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

Инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 1700 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 4 мектеп пен 1 колледждің жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда, - деді ол.

Шымкент қаласының әкімі ҚР Президенті Жолдауындағы «Құрылыс сапасы» жобасының жүзеге асуы Шымкент қаласының білім беру инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам екенін айтты.

Еске салсақ, Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңажылдық безендіруге қанша қаражат бөлінгенін айтты. Сондай-ақ қала әкімі Шымкентте ерекше балаларға арналған неше бассейн бар екеніне тоқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы