Шымкентте жүкті әйел сауда орталығында босанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте сауда орталығының қызметкерлері жүкті әйелді босандырып алды.
Кеше аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, шарананы аман-есен тудырып алды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Орталық қызметкерлерінің айтуынша, басында олар абдырап қалған, бірақ кейін бірігіп көмек көрсетуге тырысқан. Босанған әйелдің өзі есеңгіреп қалды. Нәресте сауда орталығы қызметкерлерінің көмегінің арқасында дүниеге келді. Келіншек босануға жағдай жасалған киіну бөлмесінде босанды.
Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.
Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кювезі бар арнайы бригада жіберілді. Ана мен балаға алғашқы көмек көрсетіліп, қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайлары жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр, - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы