Шымкентте ЖРВИ жұқтырғандар саны 1,95 есеге көбейген
Шымкент қаласының тұрғындары арасында 2022 жылдың 9 айында 25 111 ЖРВИ тіркелді. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 1,95 есеге жоғарылағаны анықталды. BAQ.KZ бұл туралы otyrar.kz мәліметі бойынша хабарлайды.
Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар көрсеткіші 77,7% құрайды. Өткен жылдың қазан айы мен осы жылдың сәуір айы аралығында тұмаудың 16 жағдайы тіркелген. Биыл жергілікті бюджет есебінен тұмауға қарсы осал топқа жататын тұлғаларға вакцинасының 134 580 дозасы алынып, тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ауру белгілеріне өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, үш, бес күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылайтын, бастың қатты ауыруы жатады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда биыл мыңға жуық көлік ұрланған
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы