Шымкентте жоқ пәтерді жалға беремін деп, тұрғындарды сан соқтырған әйел ұсталды
Шымкентте киберполицейлер интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған.
Күдіктінің төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Полиция азаматтарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болуға шақырады.
Белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аудармаңыз, пәтердің нақты бар-жоғын тексеріңіз, тек сенімді сервистерді қолданыңыз және міндетті түрде келісімшарт жасаңыз, - деп ескертті полицейлер.
Еске салсақ, Астанада 50-ден астам адамға пәтерді "жалға берген" павлодарлық ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы